Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
XV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысы
13-10-2022 16:08
XV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысы

Бүгін, 2022 жылғы 12 қазанда, Астана қ.уақыты бойынша сағат 10.00-де Павлодар педагогикалық университетінің базасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған XV Президенттік олимпиаданың өңірлік (бірінші) кезеңі басталды.

Президенттік олимпиадаға № 17, 34, 39 , Б.Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ 5 оқушысы қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Әр қатысушы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология. Ең жоғары ұпай  жинаған үздік 20 оқушы келесі турға өтеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша екінші іріктеу кезеңіне 2022 жылғы 26 қазанда өтетін Кенжекөл ЖОМ оқушысы Заркен Санжар, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушысы Әубәкіров Санжар қатысады.