Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында 2022 жылғы 13 қазанда «Физика» пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі және «Бағдарламалау» пәні бойынша № 28 орта мектепте өтті.
Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.
Физика пәнінен олимпиада 2 турда өткізілді: іріктеу жазба туры және практикалық эксперимент ауызша түрде. Информатика пәні бойынша олимпиада компьютерде бағдарламалау тілдерінде өткізілді: Pascal, Free Pascal, Delphi, C++, Python.
Физика пәнінен жасөспірімдер олимпиадасына 35 оқушы және бағдарламалау бойынша 27 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Физика» пәні бойынша қатысушылар 8 жүлделі орынға ие болды: І орын - 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 5.
І дәрежелі дипломмен № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы БексолтановСабит марапатталды. II дәрежелі дипломдармен - № 29 орта мектептің 8 сынып оқушысы Гудель Карина және № 39 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қайыржанова Сабина марапатталды. III дәрежелі дипломдармен № 9 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Старикова Дарья, № 18 орта мектептің 8 сынып оқушысы Әділ Темірболатов, № 41 орта мектептің 8 сынып оқушысы Сламбекова Аруна, Кенжекөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Есенбекқызы Амина және № 23 орта мектептің 8 сынып оқушысы Роман Гайдаренко марапатталды.
«Бағдарламалау» пәні бойынша олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 4 жүлделі орынға ие болды: І орын - 1, ІІ орын-1, ІІІ орын – 2, Құрмет грамоталары - 3.
І дәрежелі дипломмен, № 17 орта мектептің 8 сынып оқушысыОсевичВиктор, II дәрежелі дипломмен, М. Әуезов ат. орта мектептің 7 сынып оқушысы Ткачев Артур, III дәрежелі дипломмен: № 28 орта мектептің 7 сынып оқушысы Эберт Артем және № 39 орта мектептің 8-сынып оқушысы Матюшева Кира марапатталды.
Құрмет грамоталарының иегерлері: № 23 орта мектептің 7 сынып оқушысы Гоппе Владимир және № 43 орта мектептің 8 сынып оқушысы Крицкий Александр.
Жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне белгіленген квотаға сәйкес І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған оқушылар қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!