Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодарлық оқушылар мемлекеттік тілде өз білімдерін тексерді
20-10-2022 11:12
Павлодарлық оқушылар мемлекеттік тілде өз  білімдерін тексерді

"Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 2022 жылғы 19 қазанда Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  "Өнер алда – қызыл тіл"байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Байқауға жергілікті емес ұлттың 9-10 сыныптарының       38 оқушысы, қаланың 27 жалпы білім беретін мектебі қатысты.

17 оқушы  байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде I орын – 2 қатысушы, II орын - 8, III орын – 7.

I орынды 9 сынып оқушылары Шерстянникова Ксения, № 38 НЖББМ,  Манзиев Тамерлан № 24 ЖОББМ иеленді.

II орынды № 6, 9, 11, 21, 32, 38, 40, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді. III орынды № 5, 16, 18, 27, 34, 36, Жетекші мектеп оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. I, II орын алған оқушылар қазан айының соңында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады .