Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Шешендік – бұл ойдың суреті
28-10-2022 08:10
Шешендік – бұл ойдың суреті

2022 жылдың 28 қазанында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Достық үйі» залында  «Қоғамдық келісім» КММ «Өнер алды – қызыл тіл» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау арқылы жалпықазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Байқауға қалалық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар қаласының  № 6, 9, 11, 21, 24, 32, 38 (2), 40, М. Әуезов атындағы  мектептерден  9-10 сыныптың  10 оқушысы қатысты.

Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен ұстаздары өте үлкен жауапкершілікпен  дайындалды

Қатысушылар мемлекеттік тілде өздері туралы әңгімелеп, 2022 жылдың мерейтойлық  күндеріне  арналған көркем шығармаларды жатқа оқыды. Барлық  қатысушылар ұлттық киімдермен өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша 4 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде I орынды № 9 ГМ, 10 сынып оқушысы Бунина Алина, II- орынды М.Әуезов атындағы мектебінің 10 - сынып оқушысы Магаррамова Айгюн, III-орынды № 24 ЖОББМ  9 - сынып оқушысы Манзиев Тамерлан және № 40 ЖОББМ 10 – сынып оқушысы Уажитова Лейла иеленді. Ережеге сәйкес, облыстық турдың жеңімпазы қараша айында өтетін республикалық турға қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтың сертификаттарымен марапатталды. Қалған 9 қатысушы және  оқушыны дайындаған  жауапты ұстаздар  алғыс хаттармен марапатталды.