Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Кітап - арқылы ашылған әлем» жобасы
04-11-2022 21:02
«Кітап - арқылы ашылған әлем» жобасы

2022 жылы 4 қарашада "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп Павлодар қаласы мектептерінің 4 сынып оқушыларына арналған "Кітап арқылы ашылған  әлем" қалалық жобасының мәресін өткізді.

Жобаның мақсаты-оқушылардың оқу іс — әрекетін, оқу қызметінің компоненттерін қалыптастыру; эмоционалды, эстетикалық және әдеби даму, сондай-ақ адамгершілік-этикалық тәрбие мәселелерін шешу,  балаға оқу-еңбек, шығармашылық, жаңашылдық , өзін-өзі тәрбиелеу; оқырман болуға көмектесу.

Іс-шараға қаланың 22 жалпы білім беретін мектебінен 30 оқушы қатысты. Жоба қыркүйек пен қараша аралығында үш ай бойы М.Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының негізінде  өтті.

Жобаның қорытындысы бойынша 16 оқушы Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде  I дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ оқушысы Ереймен Жансая марапатталды.  II дәрежелі диплом иегері № 7 ЖОМ оқушысы Мейзамова Айнель, № 21 ЖОМ  Нүркенұлы Мұхаммад, № 25 ЖОМ Магмурова Айна, № 28 жом Ордабай Ақниет, № 35 ЖОМ Ахат Аяла, М.Жусуп атындағы мектеп оқушысы Кизат Таңат атанды. III орын № 1 ЖОМ Калижан Айтемир, № 17 ЖОМ Акпирганова Айсана, №18 ЖОМ Қамза Санжар, № 28 ЖОМ  Самошкина Полина, № 33 ЖОМ Самратова Айжан, № 36 ЖОМ Кукса Данил, Тендыков Ильяс, Қ.Мақпалеев атындағы мектеп оқушысы Шакиртаева Азалия, Қ.Бекқожин мектеп оқушысы Бейбитова Адема алды.

Қалған қатысушылар Павлодар қаласының білім бөлімінің БУҚБДДО «Павлодар дарыны» сертификаттарымен марапатталды.