Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бастауыш сынып оқушыларының қортындысы
21-11-2022 09:43
Бастауыш сынып оқушыларының қортындысы

Оқушыларды жоғары   деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2022 жылғы 18 қарашада бастауыш сынып оқушыларының қалалық математикалық турнирі өткізілді. Павлодар   қаласының 42 жалпы білім беретін мектебінен 2-4 сыныптардың 197 оқушысы қатысты.

       Турнир екі турда өткізілді: іріктеу – жазбаша түрде; жеке-ауызша. Іріктеу турында жалпы  ұпай  санының 70%-дан астамын жинаған оқушылар 2-ші турға қатысуға жіберілді.

        2-турдың   шешімдері қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылды. Әр тапсырма бойынша барлығы төртеу болды, қатысушы   тек бір тәсіл жасай алды.

      Тур қорытындысы бойынша 67 жас математик жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды 6 оқушы, II орынды- 16,ІІІ орынды -45 оқушы иеленді.

      2 сынып оқушылары арасында І орынды, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Ленинг Катриана, , № 35 ЖОМ оқушысы Қабыш Байназар иеленді.  ІІ орын № 2, 24, 38 ЖОМ, Ш. Шөкин, А. Бөкейхан атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орын –№ 14, 17 (2), 21 (2), 25, 26, 40 (2), 43 (2), А. Шамкенов, М. Жүсіп, Ж. Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

         3 сынып оқушылары арасында І орынды, А. Бөкейхан атындағы мектеп оқушысы Әбілденова Айара, № 21 мектеп оқушысы Китайгора Артем, ІІ орынды № 6, 11, 26, 29, 35, 36, 39, 43, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ , ІІІ орынды - № 14, 17, 18 (2), 32, 40, Малайсары батыр, Қ.Мақпалеев, Ш. Шоқин, М. Әлімбаев, С. Торайғыров, Ж. Тәшенев атындағы ЖОМ оқушылары иеленді.

        4 сынып оқушылары арасында І орынды № 21 мектеп оқушысы Лукьянчикова Эвелина, № 38 мектеп оқушысы Ұрасқан Әлихан, ІІ орынды  № 2 ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы орта мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 6, 11, 17, 18, 24, 25, 26, 27 (2), 29, 30, 39 (2), Ш. Шөкин, М. Әлімбаев, А. Шамкенов, А. Байтұрсынұлы, Ж. Ташенев, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I,II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны"  бос уақытты   қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарына ие болды.  Қалалық турнир жеңімпаздары ағымдағы жылдың 24 қарашасында  облыстық турнирге қатысады.