Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
29-11-2022 15:27
Павлодарлық оқушы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

2022 жылғы 28 қарашада Астана қаласында "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірлері   қатысқан  қорытынды,"Өнер алды – қызыл тіл" республикалық кезеңі өткізілді.

Мақсаты-мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау арқылы жалпықазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Байқауға облыстық кезеңнің жеңімпазы, Ш. Шоқин атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Бунина Алина қатысты. Алина ұлттық костюмде өнер көрсетті, сахнада өзін сенімді ұстады, байқауға үлкен жауапкершілікпен қарады,  мемлекеттік тілде өзі туралы баяндады, 2022 жылдың мерейтойлық күндеріне арналған көркем шығарманы жатқа оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша "Өнер алды – қызыл тіл" номинациясы бойынша Алина жеңімпаз атанды.

Алинаны жеңісімен құттықтаймыз!