Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығына экскурсия
06-01-2023 17:52
Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығына экскурсия

Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығына экскурсия

 

 

         Мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларын "Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығы" жұмысымен таныстыру мақсатында "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың н дарындылығын ы дамыту орталығымен  2023 жылғы 6 қаңтарда экскурсия ұйымдастырылып, өткізілді.

         Экскурсияға қаланың (№ 2, 5, 7, 11, 14, 17, 21, 24, 26, 27, 29, 30, 32, 36, 41, Малайсары батыр атындағы, Ш. Шоқин атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, М. Жүсіп атындағы, Ә.Бөкейхан, Б.Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы,

 Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Жетекші ) жалпы білім беретін мектептерінің 30 президенті қатысты.

         Орталық командасы оқушыларды шет тілдерін оқытуға, музыкалық аспаптарда ойнауға арналған бірнеше шығармашылық шеберханалар, географиялық үйірме, сондай-ақ зияткерлік ойындар клубы болып табылатын жастардың бос уақытын ұйымдастыру және оқытуға көмек көрсету бөлімімен таныстырды. Оқушылар қызығушылық танытып, оларға қатысуға ниет білдірді. Әркім өзіне қызығушылық танытатын кәсіп тапты. Қатысушыларға жастарды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдесу, жастар кәсіпкерлігін дамыту, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету бойынша қызметтер ұсынылды.

         Экскурсия қорытындысы бойынша орталық инспекторлары "Ақыл шайқасы" зияткерлік ойынын өткізді, онда мектеп президенттері өздерінің барлық зияткерлік қабілеттері мен білімдерін көрсетті.