Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Үлкен үзіліс - 2023», «Сынып тынысы» IV кезең
20-01-2023 16:27
«Үлкен үзіліс - 2023», «Сынып тынысы» IV кезең

      «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 20 қаңтарда "Үлкен  үзіліс – 2023" жобасының "Сынып тынысы" IV кезеңін өткізді. Жобаның мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделер бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.

       Жоба оқу жылы ішінде өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз  ұпай  жинаған 3 команда шығарылады.

      «Сынып тынысы» IV кезеңінде № 5, 14, 17, 21, 26, 31, 33, 35, 43, Малайсары атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ.Бекхожин атындағы, М.Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы,  А.Байтурсынұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы, Жетекші жалпы орта  білім беретін мектептерінен 324оқушыдан тұратын 17 команда қатысты .

         Қатысушылар өз портфолиосында іс – шаралар мен шығармашылық жетістіктерге (жұмыстар, әр түрлі деңгейдегі грамоталар) қысқаша талдау жасай отырып, өз сыныптары туралы ақпаратты, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің пікірлерін, сынып сағаттары туралы, СӨС бойынша іс-шаралар туралы, ұжым Ең белсенді қатысқан шығармашылық және спорттық жетістіктер туралы мәтіндік ақпаратты ұсынды.

Ұсынылған портфолиолардың барлығы мазмұнды, эстетикалық тұрғыдан жасалған.

 Конкурс қорытындысы бойынша ең аз ұпай  жинаған   Малайсары батыр атындағы, М.Жүсіп атындағы және Жетекші жалпы орта білім беру   мектептері жобадан шықты, қалған 14 мектептің командалары келесі турда кездеседі.