Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық іріктеу кезеңі
20-01-2023 16:32
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық іріктеу  кезеңі

Павлодар қаласы  білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 20 қаңтарда Малайсары батыр атындағы мектепте  Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық іріктеу кезеңі  өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты-белсенді азаматтық ұстанымды, өз алдында  және қоғам алдындағы іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту, ел тарихын білу, өзекті тақырыптарды талдау және талқылау, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

      Турнирге мемлекеттік тілде оқытатын № 2, 7, 14, 17, 21, 24, 25, 29, 30, 35, 39, 40, 41, 46, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп, Ә. Бөкейхан атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, Кенжекөл және Жетекші 22 мектептен 8-11 сынып оқушылары қатарынан  24 команда қатысты.

       Турнир екі турда өтті: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңі 4 ойыннан тұрды сегіз команда анықталды, оның қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысқан.

        Төрешілер алқасында «Жаңа көзқарас» дебат мектебінің және Ә.Марғұлан атындағы ППУ студенттері «Ақиқат» дебат клубының пікірсайысшылары, жүргізушілері  болды.

       Турнир қорытындысы бойынша лигада 3 команда жеңімпаз және жүлдегер атанды.

І орынды № 2 ЖОББМ «Шабыт» командасы; ІІ орынды № 14 ЖОББМ «Mustafa» командасы; ІІІ орынды № 17 ЖОББМ  «Алаш» командасы иеленді.

       Номинациялар бойынша «Ең үздік фракция» - Ж.Ташенев атындағы ЖОББМ «Тұмар», «Жаңа толқын» - № 30 ЖОББМ «Қахарман», «Үміт» - № 21 ЖОББМ «Болашақ». командалары  жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ № 46 мектептің   «Дана Ұрпақ»  командасы Құрмет грамотасымен марапатталды.

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

          Турнир  қатысушылары  "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарын алды.

Осы турнирде І орын алған Команда 2023 жылғы 26 қаңтар-30 қаңтар аралығында облыстық кезеңге өтеді.