Сенім телефоны
8(7182)627209
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда2396339
Бір айда232198
Бір аптада45539
Кеше9237
Тәулік2248
Роботехника бойынша республикалық жарыстардың қалалық кезеңі
25-01-2023 09:23
Роботехника бойынша республикалық жарыстардың қалалық кезеңі

Оқушылардың роботтарды бағдарламалау дағдыларын жетілдіру мақсатында 2023 жылғы 24 қаңтарда № 25 ЖОМ "Robotek Grand Tournament" робототехника бойынша республикалық жарыстардың қалалық кезеңі өткізілді, оған қаланың 30 мектебінен 81 команда құрамында 162 оқушы қатысты.

Мақсаты - қойылған мақсатқа жету үшін роботтарды бағдарламалау дағдыларын тексеру, ақпараттық-коммуникативтік және инженерлік-шығармашылық құзыреттіліктерді дамыту, робототехникамен, бағдарламалаумен айналысатын, стандартты емес ойлауы, сындарлы іс-әрекетке қабілеті бар талантты оқушыларды қолдау.

4-11 сынып оқушылары арасындағы жарыс жеті бағыт бойынша өтті: "Кегельринг-квадро"," Робо-сумо", "Лабиринт", "Эстафета", "Сызық бойынша жарыс", "Биатлон - кіші санат", "Биатлон - аға санат".

Турнир қорытындысы бойынша 42 команда құрамында 84 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде I орын – 22, II орын – 28, III орын – 34.

І орынды "Кегельринг - квадро" санатында М.Әуезов атындағы, № 43 ЖОББМ мектептерінің командалары; II орынды Ш. Шокин атындағы, А. Шамкенов атындағы және Кенжекөл ЖОББМ мектептерінің командалары; III орынды Ә. Бөкейхан атындағы және Ж. Тәшенев атындағы, № 6 мектеп командалары  иеленді.

 

І орынды "Робо - сумо" санатында М. Жүсіп атындағы, Ж. Тәшенев атындағы мектептердің командалары, ІІ орынды Малайсары батыр атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы , № 39, 43 ЖОББМ; III орынды - № 17, 24, 26 (2) ,  М.Әуезов атындағы мектеп  командалары иеленді.

І орынды "Лабиринт" санатында Ә. Бөкейхан атындағы № 25 ЖОББМ; II орынды А. Шамкенов атындағы мектептің командасы; III орынды Қ. Мақпалеев атындағы мектеп  командалары иеленді.

І орынды "Эстафета" санатында № 25 ЖОББМ командасы; ІІ орынды М. Әуезов атындағы мектептің командасы; ІІІ орынды Ж. Тәшенев атындағы № 39 ЖОББМ иеленді .

І орынды "Сызық бойынша жарыс" санатында Б.Момышұлы атындағы мектеп, № 25 ЖОББМ, II орынды № 24, 43 ЖОББМ, ІІІ орынды Ж. Тәшенев атындағы мектеп, № 39 ЖОББМ иеленді.

І орынды "Биатлон – кіші санат "санатында А.Шамкенов атындағы мектеп командасы; II орынды - № 35 ЖОББМ; III орынды – М. Әлімбаев атындағы мектеп иеленді.

І орын  "Биатлон – аға санат" санатында № 24 мектеп командасына; II орын № 35; III орын - М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектеп командаларына  берілді.

"Ең үздік қалалық команда 2023" номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен № 25 мектеп марапатталды.

"Ең үздік қалалық команда 2023" номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей, № 43 ЖОББМ командалары марапатталды.

"Ең үздік қалалық команда 2023" номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей, Б. Момышұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, № 24 ЖОББМ  командалары марапатталды

Әр санаттағы жеңімпаз командалар республикалық жарыстың облыстық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қатысушылар "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарын алды.