Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары облыстық кезеңде Абай шығармаларын білуде жарысты
25-01-2023 10:04
Қала оқушылары облыстық кезеңде  Абай шығармаларын білуде жарысты

Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі – «Абай оқулары» 2023 жылғы 24 қаңтарда өткізілді.

Байқаудың мақсаты – ақын Абай Құнанбаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Оқуларға қалалық кезеңнің жүлдегерлері, № 17, 25, 35, 38 (2), Ж. Тәшенев атындағы (2), Кенжекөл мектеп оқушылары қатысты.

Ережеге сәйкес конкурс алты бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның шығармаларын және Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған өз шығармаларының өлеңдерін жатқа оқыды.

Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша 6 оқушылар І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарға ие болды.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында I орын – Кенжекөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Амандықұлы Ернұр;

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында ІІІ орын – № 38 ЖББНМ 5 сынып оқушысы Амантай Ерғали, № 35 ЖББОМ 8 сынып оқушысы Бектасова Азиза, Ж. Тәшенев атындағы ЖББОМ 9 сынып оқушысы Сүлеймен Жарылғапберді ие болды.

«Көңілім әнді ұғады» бағытында ІІ орын –№ 25 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ахметбек Данияр;

 «Абайдың қара сөздері» бағытында ІІ орын – № 17 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек;

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім беру  басқармасының дипломдарымен марапатталды.Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.