Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жыр алыбы–Жамбыл» республикалық ақындар айтысының облыстық кезеңі
10-02-2023 11:07
«Жыр алыбы–Жамбыл» республикалық ақындар айтысының облыстық кезеңі

2023 жылдың 9 ақпанында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті. Айтыстың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушыларды классикалық әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру.

            Айтысқа қалалық кезеңнің жеңімпаздары Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицей, Қ.Бекхожин атындағы, № 7, 33 мектеп оқушылары қатысты.

Ережеге сәйкес айтыс келесі бағыттар бойынша өтті: «Тақырыптық айтыс» - оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, оның шығармашылық қызметі кезіндегі еліміздегі тарихи оқиғаларды жырлады. Версификацияның идеялары мен тақырыптары ақын шығармаларымен сәйкес болу керек; «Қайым айтысы» – негізгі шарт – басындағы айтыстың екі жолды верификациясы екіншісінің жауап верификациясында болуы керек. Айтыста қатысушылардың ақындық қабілеттері, импровизация, тақырыпты аша білу, шешендік, орындаушылық шеберліктері ескерілді.

Жас ақындар айтысының қорытындысы келесі бағытта өтті:

 «Тақырыптық айтыс» ІІ орынды № 7 мектептің 10 сынып оқушысы Ошал Мадина, ІІІ орынды  - Қ.Бекхожин атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Әбілғазы Сұңқар иеленді, № 33 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Қажет Еркеш Құрмет грамотасымен  марапатталды;

«Қайым айтысы»І орынды Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Қайролла Елнұр иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломымен марапатталды.

Ақтық кезеңде Елнұрға сәттілік тілейміз!