Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Кітап-сарқылмас қазына» жобасының бірінші кезеңі
16-02-2023 15:32
«Кітап-сарқылмас қазына» жобасының бірінші кезеңі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығыжәне «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен» бірлесіп 2023 жылдың 15 ақпанында қала мектептерінің 7-8 сынып оқушыларына арналған «Оқуға құштар мектеп» аясында «Кітап-сарқылмас қазына» жобасының бірінші кезеңін өткізді.

Жобаға қаланың 22 жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сыныптың 33 оқушысы қатысты. № 5 (2), 7, 14 (3), 17 (2), 21 (3), 24 (2), 25, 29, 30, 33, 35, 36, 40, Малайсары батыр, Ш.Шөкин, Қ.Бекқожин, М.Әлімбаев (2), М.Жүсіп, Р.Нұртазина, Ж.Ташенев, М.Әуезов, Кенжекөл орта мектептері қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар мектептің Instagram желісіндегі парақшасында Павлодар облысының 85 жылдығына арналған құттықтау видеосын орналастырды.

Сондай-ақ олар туған жері Ертіс өңірінің даму тарихы мен белгілі тұлғалары туралы өз баяндамаларын жасады. Қатысушылар тапсырманы ерекше ықыласпен орындады, олардың жұмысында туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілігін көрсетті.