Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21-02-2023 09:56
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылғы 13-18 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді, оған облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сыныптарының 635 оқушысы – олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

6 күн ішінде Павлодар қаласындағы 20 жалпы білім беретін мектептің 56 оқушысы үздік болу құқығына күресті.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын, неміс, француз тілдері) 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша 2 турда өткізілді.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада электрондық форматта, «El Umiti» цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камерадан фотофиксациямен және минут сайын экран скрин прокторинг сервисінпайдаланаотырыпөткізілді.

 Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 20 ақпанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты жабылу және олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау өтті. Павлодар қаласының оқушылары 40 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын – 7, II орын - 10, III орын - 23. Қалалар арасында  "Үздік олимпиадалық команда-2023 " номинациясымен Павлодар қаласының құрама командасы марапатталды.

 Торайғыров университетінің білім гранттары облыстық олимпиада жүлдегерлеріне-11-сынып оқушылары №33 орта мектеп Қабыл Нұрдәулет,  А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Семенов Александрға берілді. Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде оқуға арналған грантқа  № 29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ботай Амандық және А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Колодин Максим ие болды.

  Облыстық кезеңнің жеңімпаздары ағымдағы жылдың наурыз айында өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды турына қатысуға құқылы.