Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау бойынша мұғалімдерге арналған семинарлар циклі
02-03-2023 08:18
Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау бойынша мұғалімдерге арналған семинарлар циклі

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы «Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» БАҰО  АҚ  филиалымен бірлесіп 2023 жылғы 7 ақпан мен 1 наурыз аралығында № 7 мектепте «Оқушылардың қалалық олимпиадасына тиімді дайындық стратегиясы» тақырыбында 5 пән бойынша бірқатар семинарлар өткізді.

 Семинардың мақсаты: дарынды балалармен жұмыста жаңа білім беру нысандарын қолдану, тыңдаушыларды олимпиадалық тапсырмаларды шешу ерекшеліктерімен таныстыру. Семинарға биология, химия, физика, орыс тілі және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша барлығы Павлодар қаласы мектептерінің 158 педагогі қатысты.

       Жоғары оқу орындарының ғалымдары пәндік олимпиадаға дайындықтың негізгі аспектілері, олимпиадалық тапсырмаларды талдау және оларды бағалау өлшемдері туралы түсініктеме берді. Модераторлар Оралтаева Алмагүл Слямбекқызы, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы; Поломарь Светлана Александровна, аға оқытушы, химия ғылымдарының магистрі; Завалишина Анна Игоревна, аға оқытушы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің биология ғылымдарының магистрі; Досанов Талғат Сапарғалиұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты; Капасова Бақытгүл  Қасымбайқызы, филология ғылымдарының кандидаты Торайғыров университеті; Ашимбетова Роза Дүйсенқызы, филология ғылымдарының кандидаты.

       Оқыту нәтижесінде семинардың барлық қатысушылары сертификаттар алды.