Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы
27-03-2023 10:05
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы

2023 жылғы 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 45 оқушысы, олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Павлодар облысының намысын қорғады. Облыс  құрамасында Павлодар қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы № 29, 29, 36, 40 мектептерінің 5 оқушысы  қатысты.

         Олимпиада қорытындысы бойынша география пәнінен  №39 ЖОББМ  8 сынып оқушысы Вячеслав Соколов күміс медаль иегері  атанды. Қола медальді   №40 ЖОББМ (биология) 10 сынып оқушысы Комаров Максим  жеңіп алды.

         3-8 сәуір аралығында өтетін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадаға облыстық команда құрамына Павлодар қаласының № 17, 29, 35 мектептерінен 4 оқушы енді.

         Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары алдағы уақытта біздің елімізді халықаралық олимпиадаларда таныстырады.