Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Пікірсайыс турнирінің жүлдегері!
28-03-2023 14:41
Пікірсайыс турнирінің жүлдегері!

Астана қаласында "Астана дебатерлер Альянсы" қоғамдық бірлестігінің, "Ұлттық пікірсайыс федерациясы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен  Назарбаев Университетінде 21-23 наурыз аралығында "Пікірсайыс бойынша Қазақстан чемпионаты 2023"турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты-белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қолдау.

Турнирге республиканың түкпір-түкпірінен спикерлер қатысты.

 Турнир барысында қатысушылар халықаралық саясатта, экономикада және экологияда болып жатқан өзекті тақырыптарды талқылады.

Павлодар облысының атынан "Кереку" командасы, № 7 ЖОББМ, М.Әлімбаев атындағы және Ж. Тәшенев атындағы мектептер құрамасы; жетекшісі - Есенқұл Ақәділ Кенжебекұлы, М. Әлімбаев атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

Турнир қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 7 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан Бас жүлдеге ие болды.

Пікірсайыс турнирінің жүлдегерін құттықтаймыз!