Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
17-04-2023 11:17
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

2023 жылдың 14 сәуірінде дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, физика, химия, биология, информатика, география) пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. 

         Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.

         Жасөспірімдер олимпиадасына Павлодар қаласының 10 мектебінен 11 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 29 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Стрелова Ярослава III дәрежелі дипломмен марапатталды.