Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Театрдың ғажайып әлемі» қалалық байқауының қорытындысы
19-04-2023 16:41
«Театрдың ғажайып әлемі»  қалалық байқауының қорытындысы

       Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылы 19 сәуірде Ж.Ташенев атындағы жалпы орта мектебінің базасында  «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының қалалық кезеңі  өткізілді.

       Фестиваль-байқаудың мақсаты-өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

       Байқауға  № 2, 15, 17,35, 40, М. Әлімбаев, М.Жүсіп,С.Торайғырова, М. Әуезов  атындағы және  Кенжекөл орта мектебінен 97 оқушы қатысты. Барлығы 10 мектеп қатысты.

      Фестиваль-конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл,балет, данс - спектакль және т.б.), «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ қойылымы».

        «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша

 I дәрежелі дипломмен С.Торайғыров  атындағы  мектептің  «Домовята»    театр ұжымы марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен № 11орта  мектептің «Іпсайт» театр ұжымы және № 2 орта мектептің «Ғажайып сахна» ұжымы. ІІІ дәрежелі дипломмен № 40 мектептің «Бала әлемі» театр ұжымы марапатталды.

      «Музыкалық спектакль» номинациясы бойынша

I дәрежелі дипломмен №17 «Драм studio» мектебінің театр ұжымы марапатталды.

      «Әдеби-музыкалық композиция»  номинациясы бойынша

I дәрежелі дипломмен № 35 орта мектептің «Айналайн» театр ұжымы  марапатталды.  ІІ орынды  Кенжекөл орта мектебінің «Юные театралы»  театр ұжымы жеңіп алды.  ІІІ дәрежелі дипломмен М. Әуэзов атындағы  «Вспышка»  театр ұжымы және М. Жүсіп атындағы  мектептің  «Жас әртіс»театр ұжымы марапатталды.

       «Қуыршақ спектаклі» номинациясы бойынша

I дәрежелі дипломмен  № 15  орта  мектептің «Теремок» театр ұжымы марапатталды. ІІ орынды М.Әлімбаев атындағы орта мектептің «Күншуақ»театр ұжымы және Кенжекөл орта мектебінің «Қуыршақ театры» театр ұжымы марапатталды.