Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақ тілі бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы «Жарқын болашақ»
10-05-2023 10:31
Қазақ тілі бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы «Жарқын болашақ»

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен 2023 жылғы 6 мамырда Астана қаласында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңіне Павлодар облысынан облыстық кезеңнің 9 жеңімпазы, оның ішінде Павлодар қаласының № 17 және 24 мектептерінің 2 оқушысы қатысты.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиада бес бағыт бойынша өтті: «Бейнелеушілер» - комикстер жанрындағы қазақ әдебиетінің туындыларын салу; «Білгірлер бәйгесі» - мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер жанрларын білу; «Жас қаламгер» - шығармашылық мүмкіндіктерді бағалау; «Сөз  шеберлері» - сахнада шешендік қабілеттерін  көрсету; «Әнші - бұлбұлдар»  - әннің қалпын бұзбай, нақышына келтіріп орындау.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің   2 оқушысы жүлделі орындарға ие болды: «Әнші – бұлбұлдар» бағытында  І дәрежелі дипломмен Петрова Полина, № 17 орта мектептің 10 сынып оқушысы және «Бейнелеушілер» бағытында II дәрежелі дипломмен № 24 мектептің  9 сынып оқушысы Валиханова Камила марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының дипломдарымен және сыйлықтармен  марапатталды.