Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен 2023 жылғы 6 мамырда Астана қаласында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңіне Павлодар облысынан облыстық кезеңнің 9 жеңімпазы, оның ішінде Павлодар қаласының № 17 және 24 мектептерінің 2 оқушысы қатысты.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиада бес бағыт бойынша өтті: «Бейнелеушілер» - комикстер жанрындағы қазақ әдебиетінің туындыларын салу; «Білгірлер бәйгесі» - мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер жанрларын білу; «Жас қаламгер» - шығармашылық мүмкіндіктерді бағалау; «Сөз шеберлері» - сахнада шешендік қабілеттерін көрсету; «Әнші - бұлбұлдар» - әннің қалпын бұзбай, нақышына келтіріп орындау.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 2 оқушысы жүлделі орындарға ие болды: «Әнші – бұлбұлдар» бағытында І дәрежелі дипломмен Петрова Полина, № 17 орта мектептің 10 сынып оқушысы және «Бейнелеушілер» бағытында II дәрежелі дипломмен № 24 мектептің 9 сынып оқушысы Валиханова Камила марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.