Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың жас оқушылары Абай шығармалары бойынша сынға түсті
16-05-2023 08:47
Қаланың жас оқушылары Абай шығармалары бойынша сынға түсті

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылдың 12  мамырында 1 - 4 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» қалалық байқауын өткізді. Іс-шараға 41 жалпы білім беретін мектептен 173 оқушы қатысты.

         Байқаудың мақсаты - ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқушылар арасында насихаттау. Абай шығармалары өзектілігін жоғалтпайды, олар қазіргі ұрпаққа өте маңызды әрі қызықты.

Байқау екі бағыт бойынша: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»  - Абай шығармаларын жатқа оқу; «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»- Абай әнін орындау бойынша өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша 131 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:  I орын - 16 оқушы, II орын - 59 оқушы, III орын - 56 оқушы иеленді.

Байқаудың қорытындысы бойынша 131 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.