Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Шоң би оқулары» қорытындысы
17-05-2023 14:35
 «Шоң би оқулары» қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 17  мамырда «Шоң би оқулары» қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға жалпы білім беретін  19 мектептен 7 - 11 сыныптардан 39 оқушы қатысты.

Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың оқу мәдениетін, ата - бабаларының тарихын білуге деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Оқулар үш секция бойынша өтті және нақты материалға сүйене отырып, күрделі проблемалық тапсырмаларды шешуде өз білімін тексеру, өз пікірін дәлелдей алу үшін жарысты. I секцияда қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біріне эссе  жазды. Екінші секция «Арнаймын жыр маржанын бабаларға» атты ақындар мүшәйрасынан тұрды. 3 секция – қатысушылар  ұлы бидің өмірі мен шығармашылығы туралы 30 тест тапсырмасына жауап берді.

25 оқушы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 3, екінші орын - 9, үшінші орын - 13.

I орын иегерлері № 21 мектебінің  7 сынып оқушысы Жанболатқызы Аружан, № 25 мектебінің  9 сынып оқушысы Мусалина Айлана, Ж.Тәшенев атындағы 8 сынып оқушысы  Манай Фатима; II орынды № 25, 30, 38, 40 (2), Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің (2), Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің, Қ.Мақпалеев атындағы мектебінің оқушылары иеленді; III орынды - №  7, 17 (2), 21, 30, 31, 33 (2), 41, К.Бекқожин (2), М.Жүсіп, Ж.Тәшенев атындағы мектебінің оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталдыжәне жеңімпаздар ағымдағы жылдың 26 мамырында облыстық «Шоң би оқуларына»  қатысады.