«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 19 мамырда математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытылатын сыныптағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытылатын сыныптағы орыс, ағылшын тілі пәндерінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңін өткізді.
Іс-шараға Павлодар облысынан 16 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының № 11, 29, 39 мектептері, облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға 14 оқушы ие болды: I орын - 3, II орын - 5, III орын - 6.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша II дәрежелі дипломға № 11 мектептің 6 сынып оқушысы Рунова Анастасия ие болды.
III дәрежелі диплом иегерлері жаратылыстану пәнінен: № 29 мектептің 6 сынып оқушысы Бекшенов Рафаэль, математика пәнінен № 39 мектептің 5 сынып оқушысы Власов Роман.