Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Алтын сақа» облыстық кезеңінің нәтижесі
22-05-2023 14:23
«Алтын сақа» облыстық кезеңінің нәтижесі

«Дарын» өңірлік орталықтарымен жасалған меморандумға және «Зерделі» мектебінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 17 мамырда «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – математикадан дарынды балаларды анықтау, олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Олимпиадаға Павлодар облысының 3-4 сыныптарының 216 оқушысы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 30 оқушысы - олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары.

Олимпиада қорытындысы бойынша 19 жас математик жүлделі орындарға ие болды: І дәрежелі дипломдармен 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 8, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 7, Құрмет грамоталарымен – 3 оқушы марапатталды.