Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Жас кемеңгер" сырттай мектептің облыстық рейтингтік олимпиадасы
01-06-2023 16:37

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 18 мамырда «Жас кемеңгер» облыстық сырттай мектебінің 8 пән бойынша облыстық рейтингтік олимпиадасын өткізді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану, биология, химия, физика және география.

Олимпиаданың негізгі мақсаты-ғылым негіздеріне қызығушылық пен бейімділік танытатын ауылдық жалпы білім беретін мектептердің қабілетті оқушыларын анықтау, ауыл оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру үшін жағдай жасау.

«Жас кемеңгер» облыстық сырттай мектебінде оқу жылы ішінде 2 тур өтті, олардың әрқайсысы 2 кезеңнен тұрды. Әр кезеңнің соңында ZOOM-да мектеп оқытушыларымен конференциялар өткізілді. Олимпиадаға 2 турдың тапсырмаларын сәтті орындаған және пән бойынша ең көп ұпай  жинаған оқушылар қатысты.

Олимпиадаға Павлодар облысы ауылдық мектептерінің 5-7 сыныптарының 318 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы № 33 (4), 40 (11) және Кенжекөл мектептерінің 16 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен № 33 мектептің 6 сынып оқушысы Қабдылмант Жасмин, № 40 мектептің 6 және 7 сынып оқушылары Глебова Елизавета, Рейхерт Роман және Балғабек Аяжан марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!