Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көңілді мәрелер» жарысы «СПОРТ ENERGY» спорттық жобасының I кезеңі
06-06-2023 11:22
«Көңілді мәрелер» жарысы «СПОРТ ENERGY»  спорттық жобасының  I кезеңі

      Павлодар қаласының білім бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 5 маусым №7 орта мектеп базасында «СПОРТ ENERGY» спорттық жобасының I кезеңі өткізілді.  «Жазғы MIX - 2023»  жазғы кешенді жобасы аясында жүзеге асырылды.

        Мақсаты: жазғы демалыс кезінде қаланың балалары мен жасөспірімдерін барынша бос уақытын  қамту, салауатты өмір салтын насихаттау  спортқа деген қызығушылықты дамыту және оқушыларды дене шынықтырумен белсенді айналысуға баулу.

        Байқауға қаланың № 7, 11, 14, 15, 17, 24, 26, 30, 35, 36, 39, 41, 43, 46, КЖОМ, ЖЖОМ, Малайсары батыр, Қ. Мақпалеев, Ш. Шөкин, М.Әлімбаев, А. Шамкенов атындағы мектептер, М.Жүсіп, А.Бөкейхан, Б. Момышұлы, Р.Нұртазина, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Ташенев, М. Әуезов атындағы  29 жалпы білім беретін мектебінен 198 оқушы қатысты.

          І дәрежелі дипломмен Қ.Мақпалеев атындағы орта мектептің «Динамит»  командасы  марапатталды.

          ІІ дәрежелі дипломмен Ш. Шөкин орта мектебінің «Жас  тілшілер», №26 орта мектептің «Крепись», А. Байтұрсынов атындағы мектептің  «Адреналин», № 41 орта мектептің  «Runni-b-41», М. Әуезов атындағы мектептің  «АDRENALIN» командалары иеленді.

         ІІІ дәрежелі дипломмен Малайсары батыр атындағы орта мектептің «Flash»  командасы,  № 7 орта мектептің  «Қырандар»   командасы, № 17 орта мектептің  «Жауынгер»,  С. Торайғыров  атындағы мектептің  «Super star»   командасы, № 30 орта мектептің «Жас қыран», №35 орта мектептің    «Жалын»,  № 36 мектептің  «Эко жастар», № 39 орта мектептің , «Сұңқар»  командасы, Кенжекөл орта мектебі және Жетекші орта мектептері марапатталды.

          № 11, 14, 15, 24, 43,46 М Әлімбаев, А.Шамкенов, М.Жүсіп, А. Бөкейхан, Б. Момышұлы, Р. Нұртазин, Ж. Ташенев атындағы мектептерге  қатысқаны үшін сертификаттар берілді.