Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Әуе шарларының фестивалі» қалалық шығармашылық байқауы
19-06-2023 17:48
«Әуе шарларының фестивалі» қалалық шығармашылық байқауы

       Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың   дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы МIX – 2023» жазғы кешенді бағдарламасы аясында 2023 жылғы 19 маусымда № 7 мектеп стадионында «Әуе шарларының фестивалі» әуе шарларынан үздік фигураға арналған қалалық шығармашылық байқау өткізді.

      Байқауға қаланың 31   жалпы білім беретін мектебінен 1- 4 сыныптың   285 оқушысы қатысты. Әр мектептен  5-28  қатысушыдан  тұрды.

      Мақсаты-қаланың мектеп жанындағы лагерьлері мен мектептен тыс мекемелерінде қамтылмаған балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін жандандыру.

            Конкурс екі номинация бойынша өткізілді, әр команда таңдалған номинациялардың біріне қатысты: «Шарлар шоғыры», оның атауы өзі туралы айтады және командалардың ең көп саны көрсетілген, конкурсқа қатысушылар шарлардан  әр түрлі   және  ашық  гүл шоғырын  жинады. «Ертегі/мультфильм кейіпкері» номинациясында балалар максималды қиялын көрсетті. Бірде-бір жұмыс қайталанбады, барлық қонақтар мен қатысушылар әуе шарларының кейіпкерлері бар түрлі көріністердің көрермендері болды.

            Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны»  БУҚБДДО

I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

           I дәрежелі дипломға   – № 7,29,43, М.Әуезов атындағы  мектептер   ие болды. 

          II дәрежелі дипломмен – № 6,  14, 25, 26,  46, Малайсары батыр,  М.Әлімбаев атындағы мектептер  мараппатталды.

          III дәрежелі дипломмен - № 11, 15, 21, 30, 33, 34, 36, 39, Ш.Шөкин, А.Шәмкенов, М.Жүсіп, Ә.Бөкейхан, Б.Момышұлы, С.Торайғыров, Ж.Тәшенев атындағы мектептер және Жетекші орта мектебі  мараппатталды.