Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы
10-10-2023 17:38
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық  іріктеу кезеңінің  қорытындысы

2023 жылғы 10 қазанда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным»атты VІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық  іріктеу кезеңін өткізді.

Жыл сайын туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау мақсатында өткізеді.

Конкурсқа қаланың 35 жалпы білім беретін мектептерінің 9-10 сыныптың 94  оқушысы қатысты.

Жас тарихшылар конкурстың екі кезеңіне: Қазақстан тарихының сұрақтары  бойынша тест тапсырды және 4 номинация бойынша қатысты: «Менің кіші Отанымның тарихы» - оқушылар елді мекеннің тарихын таныстырып, бейне-репортаж форматында ашты; "Кіші Отан символы" -  бейне көрсетілім форматында – автор үшін өзінің шағын Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануар, өсімдік, адам, құбылыс және т.б. туралы баяндады; "Менің кіші Отанымның болашағы" макет таныстыру  форматында өтті; "Менің туған өлкем", оқушылар өзінің  жергілікті мекені  туралы эссе жазды.

Байқау қорытындысы бойынша 54 жүлдегер анықталды: І дәрежелі дипломмен - 4, ІІ дәрежелі дипломмен - 15, ІІІ дәрежелі дипломмен -35.

Әр 4 номинация бойынша конкурс жеңімпаздары 16 қазанда жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты Республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңіне  қатысады.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы конкурсқа сәттілік тілейміз!