Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Біздің сынып спортты сүйеді!» спорттық эстафета "Үлкен үзіліс - 2024"
12-10-2023 12:33
«Біздің сынып спортты сүйеді!» спорттық эстафета

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 11 қазанда № 7 ЖОББМ стадионында –  «Біздің сынып спортты сүйеді!» эстафетасы өткізілді, «Үлкен үзіліс-2024» жобасының І кезеңі.

Жобаның мақсаты - шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі іске асыру, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылау, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделері бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.

Жоба оқу жылы бойы өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз ұпай  жинаған 4 команда шығып қалады.

«Біздің сынып спортты сүйеді!»спорт турына № 2, 5, 6, 7, 14, 17, 21, 25, 26, 29, 31, 33, 35, 36, 39, 41, 43, Малайсары батыр, Қ.Мақпалеев, Қ.Бекхожин, М.Әлімбаев, А.Шәмкенов, М.Жүсіпов, Ә.Бокейхан, Б.Момышұлы, Р.Нұртазина, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, Ж.Тәшенев, М.Әуезов атындағы, Кенжекөл және Жетекші жалпы білім беретін мектептерден 320 оқушыдан тұратын 32 команда қатысты.

 Командалардың қатысушылары спорттық-сауықтыру турларында бақ сынасты. Маршруттық парақтар бойынша командалар 7 станциядан өтті: «Мерген», «Нысанаға тап», «Өткел», «Секіруден секіру», «Жұмбақтар», «Епті қол», «Пантомима», әртүрлі тапсырмалар орындады.

Конкурс қорытындысы бойынша № 2, 36, 41 және А.Шәмкенов ат. лицей мектебі жобадан шығып қалды, қалған 28 мектеп командалары келесі турда кездеседі.