Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қалалық Мақатаев оқуларының қорытындысы
19-10-2023 15:47
Қалалық Мақатаев оқуларының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылғы 19 қазанда

№14 мектепте «Мақатаев оқулары» ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған оқулардың қалалық кезеңі өткізілді.

          Мақсаты - қазақ классикалық әдебиетін оқитын, қазақстандық жазушылардың өмірі мен шығармашылығын білетін оқушыларды қолдау және насихаттау.

          Қаланың 34 жалпы білім беретін мектебінен 7-11 сыныптың 55 оқушысы қатысты. Ережеге сәйкес конкурс үш бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның поэмаларын, өлеңдерін жатқа біліп, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған өз шығармаларының өлеңдерін оқуы керек еді.

Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы атақты қазақ ақыны, жазушысы және аудармашысы,қайтыс болғаннан кейін даңқ пен құрметке ие болды.

Оқу қорытындысы бойынша «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағытында І орынды  Кенжекөл мектебінің 8 сынып оқушысы Хамро Бақытжан, ІІ орынды № 21, 30, 38, Қ.Бекқожин, Ж.Тәшенев атындағы, Жетекші мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 2, 17, 29, 31, 33, 35, 39, Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназия  оқушылары иеленді.

«Жыр эстафетасы» бағытында І орынды № 31 мектептің 9 сынып оқушысы Абельдинова Жасмин, ІІ орынды № 33 мектеп оқушысы, ІІІ орынды № 30, А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицей оқушылары иеленді.

Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» - І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Жылкайдарова Сана, ІІ орынды № 2, Қ.Бекқожин атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 7, 18, 26, 31, 35, 38, Малайсары батыр атындағы   мектеп оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.

Байқау жеңімпаздары 26 қазанда оқудың облыстық кезеңіне қатысады.