Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Өнер алды-қызыл тіл" мемлекеттік тілді білуге арналған конкурс
19-10-2023 18:03

«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жергілікті емес ұлттың 9-10 сынып оқушылары арасында 2023 жылғы 18 қазанда Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және  балалардың  дарындылығын   дамыту орталығымен  қала мектептерінің оқушылары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған «Өнер алды  – қызыл тіл» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

            Байқауға 22 жалпы білім беретін мектептен 9-10 сыныптың 33 оқушысы қатысты.

            Қатысушылар қазылар алқасын қазақ тілінде қарсы алып, өздерін таныстырды, 2023 жылдың мерейтойлық күндеріне арналған қазақ жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

            Байқау қорытындысы бойынша 22 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын-4, ІІ орын - 7, ІІІ орын -11.

            Б.Момышұлы атындағы мектептің  9 – сынып оқушысы Әйгерім Хасанова мен М. Әуезов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Никита Семенов «Өнер алды -қызыл тіл»  номинациясы бойынша І орынды иеленді.

«Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша І орынды М.Әуезов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Александра Мороз және Ш. Шөкин атындағы № 9 гимназия-мектебі 10-сынып оқушысы Софья Коваленко жеңіп алды.

            ІІ орынды А. Байтұрсынұлы атындағы , А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицей, Ш. Шөкин атындағы № 9 гимназия-мектебі, №26, 29,  № 36, №40 мектеп оқушылары иеленді. ІІІ орынды А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицей, Жетекші , №6, 18,21, №33, 36, 39, 40, 41мектеп оқушылары иеленді.

            Құрмет грамотасымен А.Байтұрсынұлы атындағы, №14,21,24, 29 мектеп оқушылары марапатталды.

            Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды .

            Жеңімпаздар облыстық турға қатысады.