Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен болашаққа жоспары» атты қалалық пікірсайыс турнирі
20-10-2023 09:14
«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен болашаққа жоспары» атты қалалық пікірсайыс турнирі

Қазан айының 19 күні «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту ортылығында Республика күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіз Қазақстанның  жетістіктері мен болашаққа жоспары» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге  қала мектептерінен 32 команда 64 оқушы қатысып әлеуметтік, білім және саяси тақырыптарды талқылады.

Турнирге төреші ретінде пікірсайыс мектебінің түлектері Бейсембина Салима және Жаскайратова Аяулым қатысты. Сонымен қатар Екібастұз қаласының «Қайнар» орталығының пікірсайыс жетекшісі Сланбек Елемес төрелік етті.

Турнир қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен №40 мектептің «Жаңа көзқарас» командасы марапатталды. 2 дәрежелі дипломмен Ж. Тәшенов ат. мектептің «Тарлан» командасы, ал 3 дәрежелі дипломмен №14 мектептің «Мұстафа» командасы марапатталды.

«Үздік спикер» номинациясымен №7 мектептің 11 сынып оқушысы Социал Гаухар марапатталды.