Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодар қаласының оқушылары «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапатталды
23-10-2023 15:15
Павлодар қаласының оқушылары «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапатталды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, түрлі салаларда қабілеттерін көрсеткен, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттер жасаған өскелең ұрпақтың дарынды және талантты  өкілдерін қолдау мақсатында 2021 жылы облыс әкімдігімен "Тәуелсіздік ұланы"сыйлығы тағайындалды.

Республика күнін мерекелеу қарсаңында 23 қазанда Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Гладышева Светлана Анатольевнамен айлық есептік көрсеткіштің 50-есе еселенген немесе 172 500 теңге мөлшерінде біржолғы «Тәуелсіздік ұланы» ақшалай сыйлығы және төсбелгісімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының 12 мектебінен 18 оқушы қатысты.

Биылғы оқу жылында конкурстың іріктеу қалалық кезеңіне 191 өтінім берілді, облыстық кезеңге 88 үміткер жіберілді, оның қорытындысы бойынша мектептердің 20 оқушысына«Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі», «Шығармашылық шеберлік», «Спорт шеберлігі»және «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет»  4 номинация бойынша «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы берілді.

Марапаттау рәсімінде «Ғылыми–техникалық шығармашылық және оқу–зерттеу қызметі» номинациясы бойынша № 40 орта мектептің 11 сынып оқушысы Максим Комаров; № 39 орта мектептің 9 сынып оқушысы Вячеслав Соколов; № 43 орта мектептің 5 сынып оқушысы Полина Реснянская; № 33 орта мектептің  7 сынып оқушысы Камила Дарибаева;  С. Торайғыров атындағы орта мектептің 4 және 5 сынып оқушылары Черкашин Давид пен Кирилл; Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Кенжебай Адия; М. Әуезов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Бүркіт Мирас марапатталды.

«Спорттық шеберлік»номинациясы бойынша С.Торайғыров атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы, Дуб Лолита; № 41 орта мектептің 11-сынып оқушысы Тумашев Юрий; № 40 орта мектептің 5 және 7-сынып оқушылары Барбашина Полина және Рауш Яна; А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы,  Кочергина Елизавета; № 35 орта мектептің 7 сынып оқушысы, Майдан Аяна; Ш. Шөкин атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы, Худяшова Александра; Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы, Дінмұханбетова Дильназ марапатталды.

«Шығармашылық шеберлік»номинациясында Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің 4 және 6 сынып оқушылары Зубарева Мария мен Южакова Ксения, марапатталды.

Ш. Шөқин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Мұратов Роман және № 17 орта мектептің 3 сынып оқушысы Асылқан Инсар «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» номинациясында суға батқандарды құтқару кезінде батыл әрекет жасағандар ретінде облыс әкімінің қатысуымен өткен облыстық іс-шарада конкурстан тыс сыйлықпен марапатталды.