Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы
26-10-2023 15:29
Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы

     Ағымдағы жылдың 3 қазанында өткен Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңіне Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 7 он бірінші сынып оқушылары қатысты.Әр қатысушы бес сағат ішінде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.

      Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 20 қазанында дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінде өткен екінші іріктеу кезеңіне № 39 орта мектептің оқушысы Ілияс Әмірәлі, С. Торайғыров атындағы орта мектептің оқушысы Линков Егор және А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің оқушысы Әбішев Нариман қатысты. Олимпиаданың екінші кезеңі төрт пән бойынша тест тапсырмаларын орындауды және берілген тақырыпқа эссе жазуды қамтыды.

      Президенттік олимпиаданың екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша № 39 орта мектептің 11 сынып оқушылары  Ілияс  Әмірәлі  мен  А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушылары Әбішев Нариман қарашаның екінші онкүндігіне жоспарланған  республикалық  кезеңге өтті.