География пәнінен Ұлттық Олимпиадада қалалық мектеп оқушыларының сәтті өнер көрсетуі
![География пәнінен Ұлттық Олимпиадада қалалық мектеп оқушыларының сәтті өнер көрсетуі](/media/img/blogs/653f83cd21476.jpeg)
География пәні бойынша Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі 2023 жылғы 27 қазанда өтті. Облыстық олимпиадаға облыстың 93 оқушысы қатысты. Павлодар қаласы қалалық кезеңінің жеңімпаздары: 7 сынып оқушылары Бейсенбай Адалхас (М. Әлімбаев ат.ЖОМ), Гальченко Илья (№43 ЖОББМ) және 8 сынып оқушылары Әлиев Әмір (А. Бөкейхан ат.ЛМ) және Костенко Алексей (№36 ЖОББМ).
Олимпиада қорытындысы бойынша Әлиев Әмір ІІІ дәрежелі дипломға, Галченко Илья ІІ дәрежелі дипломға ие болды. М. Әлімбаев ат. ЖОМ 7 сынып оқушысы Бейсенбай Адалхас олимпиаданың жеңімпазы атанып, 2024 жылдың сәуір айында өтетін Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу құқығын алды.