Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қазақша үйренейік» және «Медиа сауаттылық» жобасы мен «Жүргізушілер» мектебінің іріктеу кезеңінің қорытындысы
31-10-2023 17:51
«Қазақша үйренейік» және «Медиа сауаттылық» жобасы мен «Жүргізушілер»  мектебінің  іріктеу кезеңінің қорытындысы

2023 жылғы 30 қазанда Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Қазақша үйренейік»  және «Медиа сауаттылық» жобасы мен «Жүргізушілер»  мектебінің іріктеу кезеңін өткізді.

Іріктеу кезеңінің мақсаты - қоғамды ақпараттандырудың қазіргі міндеттерімен таныстыру. Әр түрлі іс-шаралардың  кәсіби және көшбасшылық, шығармашылық  және зияткерлік әлеуетті дамыту. Мінез-құлық және қарым-қатынас  мәдениетін қалыптастыру.

«Қазақша үйренейік»  және «Медиа сауаттылық» жобасына  қаланың 43 жалпы білім беру мектептерінен 4-11 сынып оқушыларының 19 оқушысы қатысты. «Жүргізушілер»мектебіне5-9сынып оқушыларының  25 оқушысы қатысты.

Іріктеу қорытындысы бойынша «Жүргізушілер» мектебіне                     қаланың № 2, 6 (2), 14 , 24 (3), 27, 30 (2), 41 (3), 46,  Ш.Шөкин (2), Қ.Бекқожин (3) атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қабылданды.

«Қазақша үйренейік» және «Медиа сауаттылық» жобасының іріктеу қорытындысы бойынша №14, Малайсары батыр (3), Қ.Бекқожин, Ж.Тәшенев атындағы жалпы білім беру мектеп оқушылары қабылданды.

Іріктеу кезеңінен өткен оқушыларды құттықтаймыз, оқу-жоспарына сәйкес сабақ кесте бойынша өткізіледі.