Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы
01-11-2023 15:24
«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 1 қарашада №7 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

Байқаудың мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармашылығын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, дарындылығын ашу.

Байқауға қаланың 25 жалпы білім беретін мектебінен 8-11 сыныптың  оқушылары қатысты.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» - ақынның поэмаларын жаттау; екінші бағыт – «Ұлы тұлғаға арнау» қазылар алқасына буклеттер түрінде алдын ала ұсынылған өз туындысын жатқа оқу; «Ілияс – сөз шебері» прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу.

Байқау қорытындысы бойынша 41 талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті,  22 қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 2 оқушы, II орын – 6, III орын – 14 оқушы.

 «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясы бойынша I орынды № 30 мектебінің 10 сынып оқушысы Ақтай Толғанай, II орынды № 33, 38 мектеп оқушылары; III орынды № 25, 31, 40, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектептің, М.Жүсіп, М.Әуезов  атындағы мектеп оқушылары иеленді.

«Ұлы тұлғаға арнау»-I орынды № 17 мектебінің 10 сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан; II орынды № 7, 21, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектепоқушылары;  III орынды №2, 30, Малайсары батыр атындағы, М.Жүсіп атындағы мектеп оқушылары иеленді.

 «Ілияс – сөз шебері»  - ІІ орынды № 2 мектебінің 9 сынып оқушысы Қанағатқызы Толғанай; ІІІ орынды М.Жүсіп, Ж.Тәшенев, М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін облыстық кезеңге қатысады.