Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық кездесу
02-11-2023 17:16
«Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» тақырыбында  профилактикалық кездесу

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 2 қарашада сағат 11.00-де Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептері оқушыларына «құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Кездесуге Павлодар қаласының 16 жалпы білім беру мектептерінен 30 оқушы қатысты.

Кездесу өкілдері:Павлодар облысы әкімдігі жанындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың өкілі Есімханова Гүлмира Батырбекқызымен, № 24 орта мектептің психологы Ахметжанова Сандуғаш Макуовнамен, № 2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Улькина Виктория Александровнамен өтті.

Гүлмира Батырбекқызы Есімханова оқушыларға "құқық бұзушылық және құқықтық жауапкершілік" тақырыбында презентация ұсынды. Презентацияда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік және олардың айырмашылығы тақырыбы қозғалды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, оларды осы тақырыпқа қызықтыратын сұрақтар қойды.

№ 24 орта мектептің психологы Ахметжанова Сандуғаш Макуовна және № 2 орта мектептің мұғалімі Улькина Виктория Александровна «сенімді және сенімсіз мінез-құлық» тақырыбында тренинг өткізді.

Оқушылармен кездесу танымды өтті. Қатысушылар ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, тренингтерге белсенді қатысып, өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алды.