Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Математика пәнінен ХІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
16-11-2023 09:47
Математика пәнінен ХІІІ облыстық жасөспірімдер  олимпиадасының қорытындысы

2023 жылғы 15 қарашада «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы  дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалаудан «Математика» пәні бойынша ХІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Жасөспірімдер олимпиадасына 3 қаланың, ауданның жалпы білім беру ұйымдарының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен 47 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласынан 3 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №41 жалпы  орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Федоров Александр және IIІ дәрежелі дипломмен Қ.Макпалеев атындағы жалпы  орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Путинцев Дмитрий марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!