Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Оқушылардың зерттеу жобаларының республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
29-11-2023 12:07
Оқушылардың зерттеу жобаларының республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

28 қарашада "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде  8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Байқауға Павлодар қаласының жалпы білім беру  мектептерінің 65 оқушысы, облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Олар 17 секция бойынша 52 жоба ұсынды: физика, математика, информатика, экономика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет (қазақ, орыс), этномәдениеттану және тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын).

         Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 32 жобасымен 42 қатысушы 17 секция бойынша жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде

І дәрежелі дипломмен 3 оқушы 2 жобамен

ІІ дәрежелі дипломмен – 15 оқушы  12  жобамен,

ІІІ дәрежелі дипломмен  - 24 оқушы 18  жобамен  марапатталды.

         Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2023 жылғы желтоқсанда жалпы білім беретін пәндер бойынша тест өтеді. Тестілеу қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жобалар республикалық конкурсқа қатысу үшін алдын ала сараптамаға жіберілетін болады, ең көп ұпай  жинаған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 секция бойынша 30 жобаның авторлары белгіленген квотаға сәйкес республикалық кезеңге қатысады

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі қоса беріледі.