Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Наурыз мейрамына арналған «Жігіттің жеті қасиеті» байқауының қорытындысы
19-03-2024 18:30
Наурыз мейрамына арналған «Жігіттің жеті қасиеті» байқауының қорытындысы

2024 жылғы  19 ақпанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы № 35 мекепте «Жігіттің жеті қасиеті» атты байқау өткізді.

Байқауға №2, 7, 17,  21, 24, 25,29, 30, 35, 46, Малайсары батыр, Қ .Бекқожин, М.Әлімбаев, Ә.Бөкейхан  Б.Момышұлы,  С.Торайғыров атындағы және  Кенжекөл жалпы білім беру мектептептерінен 17 оқушы қатысты.        

 Байқау  7 кезең  бойынша өтті:1.«Сәлем - сөздің анасы», 2.«Білгенге маржан», 3.«Талантыңмен таң қалдыр»,   4. «Күш атасын танымас», 5. «Шебердің қолы ортақ», 6.«Ерен мылтық», 7.«Мақал сөздің -мәйегі».

Байқау қорытындысы  бойынша I дәрежелі дипломмен  № 7 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып Заңғар Мелісұлы  марапатталды.

II дәрежелі дипломмен 21, 35, К.Бекхожинатындағы мектептердің қатысушылары   марапатталады.

III дәрежелі дипломмен 2, 17, 25, 29, Б.Момышұлы атындағы және   Кенжекөл мектептерінің оқушылары  иеленді.

7 қатысушы номинациялармен марапатталды: «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Нағыз мерген», «Дарынды жігіт», «Ең сымбатты жігіт»,  «Көрермен көзайымы», «Жігерлі жігіт», «Шымыр жігіт».

І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар «Павлодар дарыны» БУҚБДДО дипломдарымен марапатталды