Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сынып жетекшісінің жұмысына заманауи көзқарас» тақырыбында сынып жетекшілерге арналған семинар
08-04-2024 10:56
«Сынып жетекшісінің жұмысына заманауи көзқарас» тақырыбында  сынып жетекшілерге арналған семинар

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2024 жылғы 5 сәуірде «Сынып жетекшісінің жұмысына заманауи көзқарас» тақырыбында Павлодар қаласыныңжалпы білім беру мектептерінің сынып жетекшілеріне семинарөткізілді.

         Семинар  қала мектептерінің сынып жетекшілерінің педагогикалық құзыреттілігінің көрсеткіші ретінде Заманауи технологияларды қолданудың қажеттілігі мен мүмкіндігін түсіну мақсатында өткізілді.

         А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Черных Ольга Вячеславовна «Сынып жетекшісінің жұмысындағы шығармашылық көзқарас» атты тақырыбында баяндама оқыды.

         Тарих пәнінің мұғалімі Марзатаев Ерлан Туктагулович «Пікірсайыс қозғалысы, қарым-қатынас дағдыларын дамыту тәсілі ретінде» атты баяндамасын оқып, жұмыс жоспарымен таныстыра өтті.

         Психолог Штукерт Юлия Владимировна «Сергей Леонидович Рубинштейн бойынша жеке тұлғаның идеяларын дамыту» баяндамасын оқып, семинарға қатысушылармен кері байланыс орнатты.

         Семинар соңында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.