Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған «Жырға тағзым» қалалық байқауының қорытындысы
24-04-2024 17:17
Қасым Қайсеновтың  105 жылдығына арналған   «Жырға тағзым»  қалалық байқауының қорытындысы

2024 жылғы 24 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған  «Жырға тағзым» қалалық байқауын өткізді.

         Байқаудыңмақсаты мен міндеті –ерекше білім беру  қажеттіліктері бар  мектеп оқушылары арасында жазушы шығармаларын насихаттау, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қасым Қайсеновтың  шығармашылығының көркемдік ерекшелігін,  сөздік қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарасты қалыптастыру.

Байқауға  5-8 сыныптың ерекше білім беру  қажеттіліктері бар   №14, 15, 17,

Қ . Бекқожин атындағы, М.Әлімбаев атындағы  мектептерінен 17 оқушы қатысты.  

Байқау қорытындысы  бойынша I дәрежелі дипломмен М.Әлімбаев атындағы  жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып  оқушысы Веснина Анастасия марапатталды;

II дәрежелі дипломмен №15 жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып  оқушылары  Бәкібай Санжар, Смышляева София және №17 мектептің 5 сынып  оқушысы  Имангазина Самира марапатталды;

III дәрежелі дипломды14, 15 (3) , Қ.Бекқожин атындағы мектептерінің оқушылары  иеленді.

Қатысушыларға  «Павлодар дарыны» БУҚБДДО сертификаттары берілді.