Қ.И. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиада
![Қ.И. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиада](/media/img/blogs/665953b420a85.jpeg)
2024 жылы 27 - 30 мамыр аралығында Павлодар облысының Баянауыл ауылында Қ.И. Сәтбаев атындағы жаратылыстану-математикалық цикл және бағдарламалау пәндері бойынша аймақтық олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға Қазақстанның 8 өңірінен 95 оқушы қатысты, олардың қатарында М.Әлімбаев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Бейсенбай Адалхас.
Екі турдың қорытындысы бойынша Адалхас Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері атанды.