Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодарлық оқушы Ақорда да экскурсияға қатысты
04-06-2024 10:12
Павлодарлық оқушы  Ақорда да экскурсияға қатысты
        1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде Астана қаласындағы Ақорданың Президенттік резиденциясында экскурсия өтті. Іс-шараға еліміздің барлық облыстарынан, соның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 81 оқушы қатысты.

Жас қонақтардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.Павлодароблысынан экскурсияға төрт оқушы, сонымен қатар М. Әлімбаев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Бейсенбай Адалхас қатысты.

Оқушылар ресми қабылдаулар, келіссөздер мен кездесулер өткізуге арналған орталық салтанатты залды тамашалады. Оқушылар сонымен қатар резиденция аумағындағы бақшада серуендеді. Балаларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күн тәртібімен таныстырып, еліміздің бас ғимаратымен байланысты қызықты фактілер туралы әңгімеледі.

Екі күндік сапар барысында балалар Елорданың Президенттік орталығы, Ұлттық музей және "Нұр-Әлем"павильоны сияқты көрікті жерлерін аралады.

Экскурсия соңында оқушыларға мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.