Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қаланың дарынды оқушыларына құрмет көрсету
12-06-2024 18:52
Қаланың дарынды оқушыларына құрмет көрсету

         Павлодарқаласы  жалпы білім беретін мектептерінің дарынды оқушыларын қолдау және марапаттау  мақсатында 2024 жылғы 12 маусымда Ertis Promenad сахнасында Павлодар қаласы әкімдігінің зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерін көрсеткен оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

            Марапаттау рәсімінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, облыстық олимпиадалардың, республикалық және халықаралық зерттеу жобалары конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан 51 оқушы марапатталды.

          - Кездесуге қатысушылардың жетістіктері өте маңызды-павлодарлық оқушылар 60 медаль, оның ішінде 14 алтын, 15 күміс және 31 қола медаль жеңіп алды, соның арқасында олимпиадалық команда жыл сайын Павлодар облысының қалалары арасында "Үздік олимпиадалық команда" атағын алады, - дейді "Павлодар дарыны"балалардың бос уақытын  қамтужәне дарындылығын  дамытуорталығының басшысы МухаметжановаАқмарал Люлятовна.

Салтанатты қабылдау барысында Павлодар қаласы мәслихатының төрағасы Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы кездесу қатысушыларына Павлодар қаласы әкімінің атынан 100 мың теңге  ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етті.

Іс-шара аясында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Гладышева Светлана Анатольевна нәтижелі еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін 46 педагогқа құрмет көрсетті. Олар Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.