Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Dance MIX» байқауының екінші күнінің қорытындысы
19-06-2024 15:57
«Dance MIX»  байқауының екінші күнінің қорытындысы

          «Dance MIX» қалалық  жазғы жобасы аясында қалалық  мәдениет және демалыс саябағында «Ұйғыр халық билері», «Украин халық билері» және «Испан халық билері» номинациялары бойынша хореографиялық байқау өтті.

        Конкурс талантты жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, жас ұрпақ тарапынан халық билеріне, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеуге назар мен қызығушылықты тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурсқа   Павлодар қаласының  № 6, 7, 11, 15, 25, 30, 41, Малайсары батыр, А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицей және М.Әуезов атындағы мектептердің 110 қатысушысы  қатысты.      

Конкурс бір деммен өтті, әр нөмір ерекше болды, барлық орындаушылар ерекше және креативті.

Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болды: І дәрежелі дипломмен №6 мектептің «Dance ритм», №11 мектептің «Би әлемі», №30 мектептің «Жұлдыз», №41 мектептің «Биназир», Малайсары батыр атындағы мектептің «Шабыт», А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейдің «Рандеву» хореографиялық ұжымдары марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломға №7 мектептің «Алпамыс», №15 мектептің «Ғажайып әлем», №25 мектептің «Ақжелкен», М.Әуезов атындағы мектептің «Держи ритм» би ұжымдары ие болды.

 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!