Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«BOOK BATTLE MUGALIM» қалалық байқауының қорытындысы
09-09-2024 13:08
«BOOK BATTLE MUGALIM» қалалық байқауының қорытындысы

«Жаз - 2024» кешенді бағдарламасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 1 шілде – 23 тамыз аралығында мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің педагог қызметкерлеріне арналған 3 кезеңнен құралған «BOOK BATTLE MUGALIM» қалалық байқауы өткізілді.

Мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, мұғалімдер арасында әдебиеттің үздік туындыларын кеңінен насихаттау, кітаптарды жаппай оқуға тарту, әртүрлі бағыттағы, жанрдағы кітаптарды насихаттау, мұғалімдер қауымдастығында оқылған нәрселер туралы пікір алмасуды ұйымдастыру.

Байқауға 70 педагог қатысып, 2 кезеңге 18 педагог іріктелді. Соңғы 3 кезеңге 10 педагог өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді 6 қыркүйек сағат 12.00-де, №7 мектебіне шақырамыз.